Нұр-Сұлтандағы аулалар қалай өзгереді

Воркаут-аймақ, тренажерлері бар спорт-алаңы, иттерді серуендетуге арналған алаң. Функционалдық аймақтар Бейсекбаев көшесі 21,21/1 мен Сейфуллин көшесі 69,69/2 үйлерінің жанындағы аула кеңістігінің тұжырымдамалық шешуінде қарастырылған. Мұндай шешім тұрғындардың урбанистика орталығының өкілдерімен кездесулерінен кейін пайда болды.

Жоба бойынша,  бірнеше ойын алаңдарын, тыныш аймақтарды, киім-кешекті кептіруге арналған алаңды, көлік тұрағын ұйымдастыру көзделген. Сонымен қатар, аталған аумақты көгалдандыру жоспарлануда. Қоғамдық талқылаулар – туған ауланы бірлесіп жобалаудың бір сатысы.

Естеріңізге сала кетейік, белсенділердің урбанистермен бірлескен жұмысының нәтижесі –  тұрғындардың өздері аулада нені көргісі келетінін таңдайды. Алынған тілектерге сүйене отырып, жобалық шешім жасалып, идея жүзеге асырылады.

Жобалау алдында елордалық урбанистер сауалнама жүргізіп, қала тұрғындарының тілектерін жинайды. Тұрғындармен кездесулерде командалық дизайн-ойын өткізіледі. Нәтижесінде жаңа қоғамдық кеңістікті ұйымдастырудың эскиздік ұсынысы пайда болады.

Жобаны ағымдағы жылы іске асыру жоспарлануда.

Жұмыс «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер-жоспары бойынша жүргізілуде»

Последнее обновление: 12:35 Сәуір 8, 2021