Көктал тұрғын алабында Жұмбақтас орамында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болады

Футбол алаңы, скейт-аймақ, воркаут-алаңдары. Мұның бәрі Көктал-1 тұрғын алабындағы Жұмбақтас көшесінің қасында пайда болады.  Елордалық Урбанистика орталығының «Көктал-1» алабының тұрғындарымен кездесуінің нәтижелері осындай. Бірқатар кездесулерден кейін урбанистер тұжырымдамалық шешімді дайындады.

Жобалау алдында елордалық урбанистер сауалнама жүргізіп, қала тұрғындарының тілектерін жинайды. Тұрғындармен кездесулерде командалық дизайн-ойын өткізіледі. Нәтижесінде жаңа қоғамдық кеңістікті ұйымдастырудың эскиздік ұсынысы пайда болады.

Жобаны ағымдағы жылы іске асыру жоспарлануда. Аталған аймақ кішкентай балалар ойнына және спорттық ойындарға арналған деп бөлінген. Біріншісінде әткеншектер, құмсалғыштар, орындықтар орнатылады. Спорт аймағында – скейт шағын аймағы, 2 воркаут-алаң және футбол алаңы пайда болады. Тыныш демалыс аймақтары мен тез тамақтану орындары қарастырылған. Ағаш отырғызу да көзделген.

Урбанистика орталығы осындай кездесулерді апта сайын қаланың әрбір ауданында өткізеді.

Айта кетейік, бұл жұмыс «Нұр-Сұлтан-жайлы қала»мастер-жоспары бойынша жүргізілуде. Жайлы қала құру және бұқаралық спортты дамыту – аталған жұмыстың басым міндеттерінің бірі.

Последнее обновление: 19:12 Наурыз 11, 2021