Мәмбетов көшесі демалыс күндері жаяу жүргіншілер көшесіне айналады

Ә.Мәмбетов көшесі машиналар кеңістігінен жаяу жүргіншілер үшін танымал және байланыстырушы орынға айналады.

Аталған көшеде жазда ұлттық тағамдар фестивалі, қолөнер жәрмеңкелері, туристік экскурсиялар өткізу жоспарлануда. Урбанистердің ұсынысы бойынша, Ә. Мәмбетов көшесі тарихи орталықтың мәдениетін, тарихын көрсетуі керек.

Қалалық урбанистика орталығының өкілдері кәсіпкерлермен демалыс күнгі жаяу жүргіншілер көшесінің тұжырымдамасын талқылады.

Бұл жұмыс «Нұр-Сұлтан- жайлы қала» мастер-жоспарын іске асыру бойынша жүргізілуде.

Последнее обновление: 16:55 Наурыз 1, 2021