Көкталдағы қоғамдық кеңістік қандай болады. Урбанистердің тұрғындармен кездесулерінің нәтижесі

Әмбебап ойын аумағы, скейт-алаңы, сахна мен көлеңкелі шатырлар. Осылардың барлығы осы жазда Ақтолқын көшесі мен Бастанғы жолағының қиылысында орналасқан саябақта пайда болады. Елордалық урбанистика орталығының Сарыарқа ауданында өткен кездесулерінің нәтижелері осындай.

Бірқатар кездесулерден және жергілікті тұрғындардың тілектерін зерделегеннен кейін Урбанистики орталығының өкілдері Ақтолқын көшесі мен Бастанғы жолағының қиылысында орналасқан алаңды абаттандыру жобасын дайындады.

Жобалауды бастамас бұрын, елордалық урбанистер қала тұрғындарының сұраныстарын жинап, сауалнама жүргізді. Кездесуде тұрғындарға командалармен бөлініп, дизайн ойынын өткізу ұсынылды. Нәтижесінде, қоғамдық кеңістікті жайластыру бойынша эскиздік ұсыныстар жасала бастады. Әр тұрғынның пікірі ескерілді.

Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкеннің айтуынша, азаматтардың белсенділігі неғұрлым жоғары болса, нәтижесі соғұрлым пайдалы болады.

Жобаны ағымдағы жылы іске асыру жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Урбанистика орталығы осындай кездесулерді апта сайын қаланың әр ауданында өткізеді.

Жұмыс «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер-жоспары бойынша жүргізілуде.

Последнее обновление: 11:45 Ақпан 18, 2021