Назымбек Кенжебаев сыртқы жарнама орналастыру туралы айтып берді

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы барысында Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Назымбек Кенжебаев сыртқы жарнаманы орналастыру қағидаларын іске асыру туралы айтып берді.

Басқарма сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарламалардың есебін жүргізеді. Салық заңнамасына сәйкес басқарма сыртқы жарнаманы орналастыру орны бойынша салық органдарына төлеушілер, төлемақы сомалары, жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны туралы мәліметтерді ұсынады.

Сыртқы жарнаманы орналастыру қағидаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік кірістер департаментімен, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, тілдерді дамыту басқармасымен және аудандық әкімдіктермен бірлесіп, ғимарат меншік иелерінің келісімінсіз және хабарламасыз сыртқы жарнама объектілерін анықтау бойынша мониторинг жүргізілді.

Көрсетілген жұмыс фотофиксация жолымен жүргізіледі.

Сейфуллин көшесі, Кравцов көшесі, Момышұлы даңғылы, Бейбітшілік көшесі, Сарайшық көшесі, Мәңгілік Ел даңғылы және Алаш тас жолы мекен-жайлар бойынша жұмыстар жүргізілді. Онда хабарламасыз орнатылған шамамен 725 сыртқы жарнама нысаны анықталды.

302 нысан бөлшектелді

Анықталған 80 сыртқы жарнама нысаны бойынша ақпарат тиісті әкімшілік шаралар қабылдау үшін қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына  жолданды.

Сонымен қатар, қаланың тұрақтарында орнатылған дөңгелектері бар мобильді жарнама қондырғысын орналастыру проблемасы бар, олар сыртқы жарнаманы орналастыру туралы хабарламаларды жібермей орнатылады.

Ережеге сәйкес аталған объектілер сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне жатпайды, тиісінше халық тарапынан көптеген шағымдар түседі. Бұл нысандар азаматтардың өміріне қолайсыздық тудырды. Ауа райының нашарлауы кезінде құлау фактілері орын алған.

Последнее обновление: 11:22 Ақпан 16, 2021