Сыртқы жарнама

Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қыркүйекте № 2-1 -1288 болып тіркелген Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (жолағынан тыс), үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларының тармақтарын іске асыру шеңберінде Басқарма Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарымен бірлесіп, ғимараттар (құрылыстар) меншік иелерінің, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының, ғимараттарға (құрылыстарға) өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалардың келісімінсіз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

🔸

Мамандармен келесі мекен-жайлар бойынша жұмыстар жүргізілді: Сейфуллин көшесі, Кравцов көшесі, Момышұлы даңғылы, Бейбітшілік көшесі, Сарайшық көшесі, Мәңгілік Ел көшесі, Алаш тас жолы. Хабарландырусыз жарнама объектілерін анықтау фото тіркеу жолымен жүргізіледі.

🔸

Ағымдағы жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша хабарламасыз орналастырылатын 125-ке жуық сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі анықталды, оның ішінде 55 жарнама объектісі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 1 361 776 теңге сомасына ақпарат жолданды.

🔸

Хабарландырусыз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнаманың қалған 70 объектісі бойынша орналастырылған жарнама иелерінің деректерін (ЖСН , БСН) табу мәселесі пысықталуда.»Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру туралы хабарлама болған кезде орналастыруға жол берілетінін қосымша хабарлаймыз.

🔸

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бастап сыртқы жарнаманы орналастыру рәсімі рұқсат беру рәсімінен хабарлама сипатына ауысты. Бұған дейін жарнама берушілер басқармамызға жарнамалық дизайнның эскиздік жобасын, инженерлік шешімді, құқық белгілейтін құжаттарды жіберіп, содан кейін ғана рұқсат алатын. Енді жарнама беруші сыртқы жарнаманы орналастырудан бес күн бұрын салықты алдын-ала төлеп, басқармаға хабарлама жібереді.

Последнее обновление: 09:46 Қаңтар 15, 2021