Пушкин мен Янушкевич көшелерінің қиылысының қасында паркур алаңы пайда болады

Пушкин мен Янушкевич көшелерінің қиылысындағы жерде паркур алаңы бар қоғамдық кеңістік пайда болады.

Жобаланған ауданы – 3404 м2

Бұл аумақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ маңындағы көпір кеңістігі – жаңа тартылыс нүктесінің қасында орналасқан. Аталған аумақта ересектер мен балаларға арналған бөлек паркур-алаңдар салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, орындықтар мен шатырлары бар әткеншектер орналастырылатын тыныш аймақтар құрылады. Жобада авторлық шағын сәулет нысандары пайдаланылатын болады. Бұл жұмыс келесі жылға жоспарланған.

Последнее обновление: 11:46 Қараша 9, 2020