Мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидалар күшіне енді

2020 жылғы 2 қарашадан бастап Жергілікті атқарушы органмен көрсетілетін жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 бұйрығы күшіне енгендігін  хабарлаймыз.

«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 5 жұмыс күні ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы (еgov.kz, е-license) немесеНұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.

4 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша өтініш қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы (еgov.kz, е-license) арқылы ғана көзделген.

1.      Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру 13 жұмыс күні ішінде;

2.      Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру 10 жұмыс күніішінде;

3.      Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру:

Бірінші кезең: 28 жұмыс күні ішінде;

Екінші кезең: 18 жұмыс күні ішінде;

4.      Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу:

Бірінші кезең:12 жұмыс күні ішінде;

Екінші кезең: 3 жұмыс күні ішінде.

«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 15 жұмыс күні ішінде қағаз тасығышта көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.

Последнее обновление: 11:39 Қараша 3, 2020