Үлескерлердің қаражатын тартуға елордада қанша рұқсат берілді

Жыл басынан Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында үлескерлердің қаражатын тартуға 21 рұқсат берілді. Қазан айында – 2.

11 компания – құрылыс салушылар көп пәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескерлер қаражатын тартуға рұқсат алды.10 – екінші деңгейдегі банк жобасына қатысу тәсілімен үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат алды.ҚР «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңына сәйкес төмендегі тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:

1️. Кепілдік беру қорының кепілдігін алу

2️.Екінші деңгейлі банк жобасына қатысу

3️.Тұрғын үй қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескерлер қаражатын тарту.

Последнее обновление: 12:44 Қараша 4, 2020