Азаматтарды қабылдау

Жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу объектіні пайдалануға енгізгеннен кейін ғана жүргізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Назымбек Кенжебаев азаматтарды қабылдау барысында түсіндірді. Тұрғындар жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту және жер комиссиясының жұмысы бойынша кеңес алды. Учаскелерге құқықты ресімдеу және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұрақтарға жауаптар берілді. Естеріңізге сала кетейік, Кенжебаев Назымбек Әміржанұлы әр сәрсенбі күні сағат 14.30-да азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Сіз 916406 телефонына жазыла аласыз. Сұрақтар 87087227697 WhatsApp нөміріне де қабылданады

Последнее обновление: 20:45 Қазан 22, 2020