Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайларын айқындау бойынша анықтама алу

Источник: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011018

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 257 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің электронды нұсқасына өту
● Стандарт
● Инфографика
● Қызмет көрсету тәртібі
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің
мекенжайларын айқындау бойынша анықтама алу
Қызметті онлайн түрде қалай алуға болады
1.Порталға тіркелу және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
2.Өтінімды толтыру және жіберу

  1. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) тарауында өңделген
    анықтамамен танысу және талап еткен орынға көрсету.
    *Онлайн-қызметті ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын
    нақтылау бойынша ғана алуға болады, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын
    беру немесе жою үшін осы бет бойынша жүгіну қажет.
    Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алуға
    болады:

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу үшін
(тарихы бар немесе тарихы жоқ):
1.Өтініш

  1. Жеке басын куәландыратын құжат.

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайын тағайындау немесе мекен-жайын жою
туралы анықтама алу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат.
    Ескертпе* Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті
    алушыдан талап етуге жол берілмейді.
    ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НӘТИЖЕСІ
    1) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама;
    2) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы
    анықтама;
    3) жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру туралы анықтама;
    4) мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып жылжымайтын мүлік объектісінің
    мекенжайын жою туралы анықтама;
    5) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Қызмет көрсету мерзімі
Порталда:
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу (тарихы
бар немесе тарихы жоқ) – 15 минут;

Мемлекеттік корпорацияда:
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу (тарихы
бар немесе тарихы жоқ) – 15 минут;

Мекенжайды тіркеу кодын көрсетіп, оны міндетті түрде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық
жүйесінде тіркеп және жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан орынға шығумен
жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын тағайындау немесе жою туралы анықтама
– 6 жұмыс күні.

Дәлелденген бас тарту – 2 жұмыс күні.

Последнее обновление: 01:01 Қаңтар 17, 2021