Эскизді (эскиздік жобаны) келісу

Источник: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013610

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 17 наурызда
№ 137 бұйрығымен бекітілді

«Эскизді (эскиздік жобаны) келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің 28.06.2019ж. №453 бұйрығы редакциясында (оны алғаш рет ресми жариялаған күннен кейін жиырма бір күнтізбелік күн аяқталған соң күшіне енеді).

1-тарау. Жалпы ережелер

1.«Эскизді (эскиздік жобаны) келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігімен әзірленді (бұдан әрі – Министрлік).

3. Мемлекеттік қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет беруші).

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындыларын беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. мемлекеттік қызмет көрсету немесе дәлелді бас тарту беру мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.

5. мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толығымен автоматтандырылған).

6. мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық хат болып табылады – эскизді (эскиздік жобаны) келісу немесе осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру нысаны: электронды.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) тегін көрсетіледі.

8. Портал жұмысының кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс немесе мереке күндері өтініш берген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларын беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. қызметті алушы порталға өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:

Мемлекеттік қызметтің осы стандартына 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтініш;

Эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесі.

Қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден қызмет алушыны, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәлімет алады.

10. Қазақстан Республикасы Ұлттіқ экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12684 тіркелді), құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 41-1 тармағымен белгіленген талаптармен қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтердің  сәйкессіздігі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдану тәртібі

11.Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 8 800 080 7777, 1414 бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша алуға болады.

Портал арқылы шағым жіберген кезде «жеке кабинеттен» қызмет берушімен өтінішті өңдеу кезінде жаңартылатын (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарастыру немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпаратқа қол жетімді болады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет  нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

12. қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет  нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнасымен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

4-тарау. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері есебінен қойылатын басқа талаптар

13. қызметті алушының электрондық сандық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы электрондық үлгіде мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндігі бар.

14. қызметті алушының порталдың «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан алу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

15. мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде қызмет берушінің анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.miid.gov.kz. Интернет ресурстарында жарияланған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

«Эскизді (эскиздік жобаны) келісу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына 1-қосымша

Нысаны

______________________
______________________
_______________________

                                         Өтініш

      Өтініш берушінің атауы:_______________________________________________________
                  (жеке тұлғаның ТАӘ немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы: ______________________________________________________________
Телефоны:____________________________________________________________
Тапсырыс беруші: ___________________________________________________________
Жобаланатын объектінің атауы:
____________________________________________________________________
Жобаланатын объектінің мекенжайы:________________________________________
Сізден эскизді (эскиздік жобаны) келісуіңізді сұраймын

Қабылдаған (қолы) __________________
Күні: «_____»____________ 20__ жыл
Тапсырған (қолы) ________

Последнее обновление: 12:41 Шілде 25, 2020