Жалпы ақпарат

«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ

Жұмыс уақыты: сағ. 08.30-18.00;  Түскі үзіліс сағ. 13.00-14.30-ға дейін


«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі – Нұр-Сұлтан қаласы аумағында сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласында басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.

Басқарма құрылымының толық сипаттамасы мына жерде.


Басқарма миссиясы: Нұр-Сұлтан қаласын сапалы қалалық ортамен, дамыған инфрақұрылыммен,  ерекше сәулетпен қамтамасыз ету, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының жер ресурстарын максималды тиімді пайдалану және жер қатынастарын реттеу үшін жағдай жасау бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру.

Тапсырмалары:

1) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында және қала маңы аймағында сәулет, қала құрылысы, сондай-ақ жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қамтамасыз ету;

2) сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделер есебімен халықтың өмір сүру және тіршілік ету аймағын қалыптастыру және толыққанды жағымды ортаны дамыту;

3) аумақтық және халық аралық мәні бар қала аумақтарын және табиғат ресурстарын қала құрылыстық игеру, дамыту және құрылыс салу кезінде рационалды және мақсатты пайдалану іс-шараларын орындау;

4) экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай құрылыс салуды, көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді қалыптастыру және қаланы абаттандыру мен көгалдандыру;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шектерде Нұр-Сұлтан қаласының аумағын және қала маңы аймақтарын қала құрылыстық игеру кезінде  сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласында заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және белгіленген тәртіпте бекітілген сәулет, қала құрылысы және басқа да жобалау құжаттамаларының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу;

6) Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бас жоспарын ( бұдан әрі – Бас жоспар), астананың қала маңы аймағына жататын іргелес аумақтардың (аудандық жоспарлау жобасы)  қала құрылыстық жоспарлау кешенді сызбасын, және басқа да әзірленген және бекітілген қала құрылыстық реттеу және жобалау-жоспарлау құжаттамаларын іске асыру бойынша қызметті үйлестіру;

7) қала құрылыстық тәртіпті сақтай отырып, бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларын іске асыру мониторингін жүргізу;

8) сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік тапсырысты әзірлеу жөнінде ұсыныстар жасау бойынша жұмыстарды үйлестіру;

9) сәулет және қала құрылысы саласында, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында инвестициялық құрылыс қызметі саласының сәулет және қала құрылысы талаптары бөлігінде нормативтік-құқықтық және ғылыми-әдістемелік база құруға қатысу;

10) Объектілер мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсаттары үшін жер учаскелерін беру және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көрсетілген жағдайларда мемлекет мұқтаждығы үшін оларды алу бойынша белгіленген тәртіпте Нұр-Сұлтан қаласы әкіміне (бұдан әрі – әкім) ұсыныстар әзірлеу;

11) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері жөнінде, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін, мемлекет мұқтаждығы үшін жер учаскелерін алу және беру, пайдалану, нысаналы мақсатын өзгерту мәселелері жөнінде республикалық және басқа да аумақтық органдармен өзара әрекет ету;

12) халықты және инвесторларды аумақты дамыту және құрылыс салу перспективалары немесе қала құрылыстық өзгерістер туралы ақпараттандыру;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасы шегінде және белгіленген тәртіпте жер қатынастары саласында Нұр-Сұлтан қаласының жер ресурстарын тиімді және рационалды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыру;

14) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында аудандастыру жобаларын, жерлерді рационалды пайдалану және жерге орналастыру бойынша сызбаларды әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру;

15) «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру және арттыру;

16) Жерлерді, меншік иелерін және жер пайдаланушыларды есепке алу сапасын арттыруды қамтамасыз ету, Нұр-Сұлтан қаласы жерлерінің жыл сайынғы балансын жасау және орталық уәкілетті органға есеп беру;

17) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы, сондай-ақ жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қорғау және қамтамасыз ету;

18) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау;

19) гендерлік және отбасы-демографиялық саясатты іске асыру, жұмысқа қабылдау және қызметкерлерді жоғарылату кезінде гендерлік тепе-теңдік нормаларын сақтау.

Последнее обновление: 14:22 Маусым 4, 2020