Басқарма қызметі туралы

«Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

Жалпы ереже

1. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласында басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен штамптары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоты бар.

5. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз атынан заматтық-құқықтық қатынасқа түседі.

6. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса онда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы ретінде әрекет етуге құқылы.

7. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өз құзыретінің мәселелері бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы бұйрықтарымен және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген актілермен рәсімделген шешімдерді қабылдай алады.

8. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Ә. Мәмбетов көшесі, № 24.

10. мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

13. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау үшін шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады.

Егер «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнама актілерімен қызмет түрінен табыс әкелетін құқық берілсе, онда мұндай қызмет түрінен түскен табыс мемлекеттік бюджет табысына бағытталады.

1. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі тапсырмалары, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

1. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Нұр-Сұлтан қаласын сапалы қалалық ортамен, дамыған инфрақұрылыммен, ерекше сәулетпен қамтамасыз ету, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының жер ресурстарын максималды тиімді пайдалану және жер қатынастарын реттеу үшін жағдай жасау жөніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіру.

2.Тапсырмалары:

● сәулет, қала құрылысы, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының аумағында және қала маңы аймақтарында жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қамтамасыз ету;

● сәулет, қала құрылысы қызметі және жер қатынастары саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді ескере отырып, халықтың тіршілік ету және өмір сүру аймағының толыққанды жағымды ортасын қалыптастыру және дамыту;

● қала құрылыстық игеру, дамыту және құрылыс салу кезінде аумақтық және халық аралық маңызы бар қала аумақтарын және табиғи ресурстарды рационалды және мақсатты пайдалану жөніндегі іс-шараларды орындау;

● экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес құрылыс салуды, көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді қалыптастыру, қаланы абаттандыру және көгалдандыру;

● Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шектерде Нұр-Сұлтан қаласының аумағын және қала маңы аймақтарын қала құрылыстық игеру кезінде  сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласында заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және белгіленген тәртіпте бекітілген сәулет, қала құрылысы және басқа да жобалау құжаттамаларының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу;

● Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бас жоспарын ( бұдан әрі – Бас жоспар), астананың қала маңы аймағына жататын іргелес аумақтардың (аудандық жоспарлау жобасы)  қала құрылыстық жоспарлау кешенді сызбасын, және басқа да әзірленген және бекітілген қала құрылыстық реттеу және жобалау-жоспарлау құжаттамаларын іске асыру бойынша қызметті үйлестіру;

●  қала құрылыстық тәртіпті сақтай отырып, бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларын іске асыру мониторингін жүргізу;

● сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік тапсырысты әзірлеу жөнінде ұсыныстар жасау бойынша жұмыстарды үйлестіру;

● сәулет және қала құрылысы саласында, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында инвестициялық құрылыс қызметі саласының сәулет және қала құрылысы талаптары бөлігінде нормативтік-құқықтық және ғылыми-әдістемелік база құруға қатысу;

● Объектілер мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсаттары үшін жер учаскелерін беру және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көрсетілген жағдайларда мемлекет мұқтаждығы үшін оларды алу бойынша белгіленген тәртіпте Нұр-Сұлтан қаласы әкіміне (бұдан әрі – әкім) ұсыныстар әзірлеу;

● Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері жөнінде, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін, мемлекет мұқтаждығы үшін жер учаскелерін алу және беру, пайдалану, нысаналы мақсатын өзгерту мәселелері жөнінде республикалық және басқа да аумақтық органдармен өзара әрекет ету;

● халықты және инвесторларды аумақты дамыту және құрылыс салу перспективалары немесе қала құрылыстық өзгерістер туралы ақпараттандыру;

● Қазақстан Республикасының заңнамасы шегінде және белгіленген тәртіпте жер қатынастары саласында Нұр-Сұлтан қаласының жер ресурстарын тиімді және рационалды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыру;

● Нұр-Сұлтан қаласының аумағында аудандастыру жобаларын, жерлерді рационалды пайдалану және жерге орналастыру бойынша сызбаларды әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру;

● «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру және арттыру;

● жерлерді, меншік иелерін және жер пайдаланушыларды есепке алу сапасын арттыруды қамтамасыз ету, Нұр-Сұлтан қаласы жерлерінің жыл сайынғы балансын жасау және орталық уәкілетті органға есеп беру;

● Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы, сондай-ақ жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қорғау және қамтамасыз ету;

● Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау;

●  гендерлік және отбасы-демографиялық саясатты іске асыру, жұмысқа қабылдау және қызметкерлерді жоғарылату кезінде гендерлік тепе-теңдік нормаларын сақтау.

3.Функциялары:

● ведомствоға қарасты аумақта сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;

● ведомствоға қарасты аумақта сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласында мемлекеттік реттеу және басқару ұсыныстарын әзірлеу;

● Нұр-Сұлтан қаласы мен қала маңы аймақтарында құрылыс салудың және игерудің басым бағыттары бойынша әлеуметтік-экономикалық дамытудың аумақтық бағдарламаларын және кешенді жоспарларын әзірлеуге және келісуге қатысу;

● бас жоспарды және басқа қала құрылысы құжаттамаларын әзірлеу үшін тапсырыс беруші қызметтерін орындау;

●жобалау құжаттамасы аясында төмендегілерді сақтай отырып мониторинг жүргізу:

– Бас жоспар ережелерін, қала құрылыстық жоспарлау туралы басқа құжатты;

– қала құрылысы нормативтерінің талаптарын;

– қала құрылысы қызметін реттеу регламенттерінің талаптары;

– жобалау құжаттамасын әзірлеу, қала құрылысы объектілерін салу, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу, аумақты абаттандыру және көгалдандыру, қалалық орта дизайнын әзірлеу кезінде бастапқы рұқсаттама құжаттары талаптарының;

– астана аумағы мен қала маңы аймақтарында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік норматив (мемлекеттік нормативтік құжаттар) жобаларын келісу;

– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалау-жоспарлау құжаттамасы негізінде қалалық жерлерді мақсатты пайдалану шарттары бойынша әкімге ұсыныстар әзірлеу;

– уақытша ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру, аумақты абаттандыру және қалалық ортаны сәулет-көркемдік және дизайн бойынша безендіру туралы ұсыныстарды қарастыру және келісу;

– құрылыстарды, ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, жеке тұрғын үйлерлі реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қосымша жер учаскесін бөлуді қажет етпейтін қасбеттерді реконструкциялау туралы шешім қабылдау;

– діни ғимараттар (құрылыстар) салу, олардың орналасу орнын анықтау туралы шешім қабылдау;

– діни ғимарат (құрылыс) етіп қайта құру (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдау;

– объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділікті міндетті түрде қамтамасыз етуді ескере отырып, пайдалануға енгізілетін объектілердің (кешендердің) есебін жүргізу;

– «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді және толтыруды қамтамасыз ету;

– «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басқаруындағы ведомствоға қарасты кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органының қызметін атқарады;

– сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласында астананы дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

– Нұр-Сұлтан қаласының Қала құрылысы кеңесі жұмыс органының функцияларын жүзеге асырады;

– гендерлік және отбасы-демографиялық саясатты жүзеге асырады;

– Нұр-Сұлтан қаласының жобаланып жатқан инженерлік желілері мен құрылыстары туралы деректер базасына енгізеді;

– сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарламаларды қабылдайды және қарастырады;

– сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру бойынша жалпы жұмыстарды үйлестіреді, көзбен шолып тексереді;

– үлескерлер қаражатын тарту үшін рұқсаттама дайындайды;

– үлескерлер қаражатын тарту үшін берілген рұқсаттамалар есебін жүргізеді;

– тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; олар бойынша талаптар құқығын беру туралы шарттар есебін жүргізеді;

– тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді-көшірме беру;

– құрылыс салу және реконструкция (қайта жоспарлау мен қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы деректерді дайындау;

–   эскизді (эскиздік жобаны) келіседі;

– Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік) атқарушы органымен іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға арналған рұқсаттамалар беру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастырады;

– жерлерді резервке қою жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

– Нұр-Сұлтан қаласы жерлерінің балансын жасайды;

– жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөнінде ұсыныстар және әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлейді;

– сатып алу-сату; жер учаскесін жалға алу және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасау және жасалған шарт талаптарының орындалуына бақылау жасау;

– иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

– мемлекет мұқтаждығы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алу жөнінде ұсынастар әзірлеу;

– жер учаскелерінің бөлінгіштігін және бөлінбейтіндігін анықтау;

– мемлекетпен жеке меншікке сатылатын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

– жерге орналастыруды ұйымдастыру және жер учаскелерінің қалыптасуы туралы жерге орналастыру жобаларын бекіту;

– Нұр-Сұлтан қаласының жерлерін рационалды пайдалану бойынша жобалар мен сызбаларды,  жерлерді аймақтандыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

– жерлерді сатуды (конкурстар, аукциондар) ұйымдастыру;

– жерді пайдалану және қорғау мәселелеріне қатысты жобалар мен сызбалар сараптамасын жүргізу;

– жер учаскелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ басқа да жер құқығы қатынастары субъектілерінің есебін жүргізу;

– жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

– жеке және заңды тұлғалардан жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту туралы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы мәселелер бойынша өтініштер қабылдау;

– мемлекеттік органның ішкі қызметін цифрландыруды, соның ішінде автоматтандыруды ұйымдастыру, цифрлық деректер мұрағатын құруды, жүргізуді ұйымдастыру;

– сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің қажетті объектілері туралы кеңістік деректерін және оған байланысты ақпаратты жинау, сақтау, талдауды ұйымдастыру;

– елді мекенде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласында аудандастыру коэффициентін әзірлеу;

– елді мекенде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласында аудандастыру коэффициентін бекіту туралы әкімдіктің қаулы жобасын әзірлеу;

– Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

1. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

● Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласында Нұр-Сұлтан қаласы аумағында барлық жеке және заңды тұлғалармен орындау үшін міндетті болып табылатын шешімдер қабылдауға;

● халықаралық және басқа да ұйымдарда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша әкімдік мүддесін білдіруге;

● сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары мәселелері бойынша әкімдіктің атқарушы органдарымен әзірленген заңнама жобалары және басқа нормативтік актілер бойынша ұсыныстар енгізуге;

● Нұр-Сұлтан қаласының сәулет және жер қатынастары органдарымен келісілген және бекітілген, белгілі нормативтік, сәулет-қала құрылысы, экологиялық және басқа да талаптарға сай келмейтін жобаларды келісуден бас тартуға;

● сәулет, қала құрылысы қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған тұлғаларды, кінәлілерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін құзырлы органдарға материалдарды жолдауға;

● сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлігінде нормативтік-құқықтық акті жобаларын келісуге;

● сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласында Нұр-Сұлтан қаласының проблемалары мен тапсырмаларын зерттеу және шешу үшін келісім негізінде отандық және шетелдік мамандарды тартуға;

● ведомствоға қарасты және басқа жетекші жобалау, іздестіру ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, сондай-ақ сәулет және қала құрылысы органдарымен, Қазақстан Республикасының шығармашылық одақтарымен бірлесіп шығармашылық қарым-қатынас жасауға;

● ведомствоаралық комиссия жұмысына қатысуға, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық және басқа кеңестер беруге, Нұр-Сұлтан қаласының сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша жұмыс топтарын құруға;

 ● сәулет конкурстарын ұйымдастыруға;

● бекітілген жобалау құжаттамасынан және рұқсат беру талаптарынан ауытқуларды немесе бұзылымдарды анықтау және жол бермеу бойынша шара қабылдауға;

● шара қолдану үшін тиісті органдарға бұзылым фактілері бойынша материалдарды беруге;

● Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шектерде мемлекеттік сатып алуды жүргізуге;

● әкімнің сенімхаты бойынша сот органдарында сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары мәселелері бойынша астана мүддесін білдіруге және қорғауға;

● мемлекеттік органдардан сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары мәселелері бойынша ақпаратты сұратуға және алуға;

● сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың орталық уәкілетті аумақтық бөлімшелерімен және әкімдіктің атқарушы органының құрылымдық бөлімшелерімен салааралық қарым-қатынас жасауға;

● сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия жұмысына қатысуға, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық және басқа кеңестер, жұмыс топтарын құруға;

● Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жерлерді сандық және сапалық есепту және жер қатынастарын реттеу жөнінде ақпарат әзірлеуге;

● мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізуге;

● Нұр-Сұлтан қаласында жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) апта сайынғы отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;

● жер учаскелеріне құқық беру, мемлекет мұқтаждығы үшін жер учаскелерін алу және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша Комиссия отырысының хаттамаларын және әкімдіктің қаулы жобаларын әзірлеуге;

● иесіз жер учаскелерін есепке қою және оларды  мемлекетке қайтару жөнінде сот органдарына арыз-талап беру жөнінде жұмысты ұйымдастыруға;

● Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарын сақтауға;

● Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

1.  «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

1. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесін басшы басқарады, ол «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген тапсырмалар мен өзінің функцияларын орындау үшін дербес жауапкершілік артады.

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын лауазымға әкім тағайындайды және лауазымнан босатады.

3. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары болады, олар лауазымға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады және лауазымнан босатылады.

4. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:

● «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды және «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген тапсырмалардың орындалуына, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын сақтамауына дербес жауапкершілік артады;

● «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссия қызметіне жалпы басшылық етеді, кадр қызметінің жұмысын бақылайды;

● «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құқықтық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметін ұйымдастырады;

● өзінің орынбасарлары мен ведомствоға қарасты мекеме басшыларының міндеттерін белгілейді және жауапкершілік дәрежесін анықтайды;

● «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

● «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне, «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  құрылымдық бөлімше басшыларына тәртіптік жаза қолданады;

●  өз құзыреті аясында «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен орындау үшін міндетті болып табылатын бұйрық шығарады;

●  өз құзыреті аясында «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда мүддесін білдіреді;

● әкімшісі  «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылатын, төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарлама) қаржыландыру жоспарын бекітеді;

● «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомствоға қарасты мекемелерінен келетін қызметкерлерді ұстау нормаларын бекітеді;

● әкімдіктің қаулы жобаларын, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі мен мәслихатының шешімдерін келіседі және қол қояды, сондай-ақ оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

● жер учаскелерін сатып алу-сату және жер пайдалану (жалға алу) шарттарына қол қояды;

● «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережені және қызметкерлердің қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді.

«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы өкілеттігін ол болмаған кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

1. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкілеттігін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.

1. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлігі.

1. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлігі болуы мүмкін.

«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлігі оған меншік иесі тапсырған мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өз қызметі және басқа көздерден алынған мүлік (ақшалай табысты қоса алғанда) есебінен қалыптасады.

1.«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігіне жатады.

2. .«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған бекітілген мүлікті және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен басқаша белгіленбесе оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз еркімен иеліктен шығаруға және басқа тәсілмен пайдалануға құқығы жоқ.

Последнее обновление: 14:19 Маусым 4, 2020